Евгений Больгерт "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

1523

Ол 2013 жылы "Атамекен" ҚР ҰКП құрылғаннан бері тау-кен өндірісі хатшылығы, атқарушы хатшылық басшысы, базалық сала жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды.

Евгений Больгерт "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

"Атамекен" ҚР ҰКП төралқасының шешімімен Евгений Больгерт Ұлттық палата төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп жарияланған "Атамекен" сайтында.

Евгений Больгерт Ресей Федерациясының әділет министрлігінің Ресей құқықтық акамдемиясын үздік бітірген, заңгер. Дрезден университетінің құқықтық факультетінің еуропалық құқық кафедрасында (Дрезден қ., Германия) оқыған. Ұлыбритания, Дания, Германия, Аустралияда тағылымдамадан өткен. Master of business administration (MBA) дәрежесіне ие. Ағылшын және неміс тілдерін біледі.

Кәсіби қызметін заң қызметтері және биржа саудасы саласында бастаған, ірі консалтингтік  жобаларды басқарған.

2011 жылдан бастап республикалық тау-кен өндіру және тау-кен-металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директорының орынбасары болды.

2013 жылы "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған кезден бастап тау-кен өндірісі хатшылығы, атқарушы хатшылық басшысы, базалық сала жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды.

2016-2019 жылдар аралығында өндірісітік нысандардың өндірістік қауіпсіздігі мен техникалық диагностикасы саласында қызмет көрсетумен айналыстаны  Kamkor Service ЖШС ("Қамқор Менеджмент" компаниялар тобының еншілес құрылымы) бас директоры болған.

Мемлекеттік, салалық және ведомстволық марапаттарға: "Қазақстан Конститутциясына 20 жыл" медалі, металлургиялық өнеркәсіпті дамытудағы үлесі үшін "Еңбек даңқы" III дәрежелі төс белгісі, Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту үшін "Атамекен" II дәрежелі төс белгісіне ие. Сондай-ақ Қазақстанда тау-кен-металлургиялық саланы дамытудағы үлесі үшін индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу