Евгений Фёдоров Азия чемпионы атанды

720

Ұлттық құрамамыз да командалық есепте алтын медаль жеңіп алды. 

Евгений Фёдоров Азия чемпионы атанды

Отандасымыз Евгений Фёдоров Районг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 46 шақырымға жарыста мәреге бірінші болып жетті. Ол қашықтықты 53:28.4 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдегер тайбэйлік Серхио Тудан жобамен 2 минуттай озып кетті. Қола медаль моңғолиялық Саинбаярын Джамбалжамтстың еншісінде. Тағы бір отандасымыз Игорь Чжан жүлдеге бір табан жетпей, 4-орында қалды. Жалпы жарыс жолына 19 велошабандоз шықты.

Айта кетейік, былтыр Евгений Фёдоров Аустралиядағы әлем чемпионатында 23 жасқа дейінгі жас санатында топ жарған. Бұдан бөлек Қазақстан велоспорт құрамасы Азия чемпионы атанды. Аралас эстафетада алтынды Евгений Федоров, Игорь Чжан, Дмитрий Груздев, Марина Кузьмина, Рината Сұлтанова және Махаббат Үмітжанова жеңіп алды.

Сондай-ақ Олимпиада чемпионы, Astana Qazaqstan Team командасының бас менеджері Александр Винокуров Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды. Ол Таиландта өткен турнирде 50 жастан асқан шабандоздар арасында "Мастерс" санатында өнер көрсетті. 15 шақырымды 20 минут 6 секундта жүріп өткен Винокуров жекелей уақытқа арналған жарыста ең жақсы нәтиже көрсетті. Осы жас санатында қазақстандық Алексей Абраменко күміс жүлдегер атанды – 22 минут, 25 секунд. 45-49 жас санатында екінші орынды қазақстандық Вадим Ежаков иеленді – 21 минут, 46 секунд. Осылайша қазақстандық шабандоздар Азия чемпионатында тамаша нәтиже көрсетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу