Евгений Федоров "Ломбардия турында" күміс жүлдегер атанды

1402

Евгений Федеров велоспорттан Қазақстан ұлттық құрамасымен қатар Astana Qazaqstan Development Team командасында өнер көрсетеді.

Евгений Федоров "Ломбардия турында" күміс жүлдегер атанды

Бір апта бұрын Вуллонгонгта өткен 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін Евгений Федоров "Ломбардия турының" жастарға арналған нұсқасына Astana Qazaqstan Development Team командасымен бірге қатысып, күміс жүлдегер атанды. 22 жастағы қазақстандық шабандоз биыл 94-мәрте ұйымдастырылып жатқан жастар арасындағы "Ломбардия турында" ең белсенді шабандозы атанып, екінші орынды иеленді.

"Мен спринтте қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Бірақ сәл ертерек бастауым керек еді. Соған қарамастан 100% барымды салып, нәтижесінде мәреге екінші болып келдім. "Ломбардия турын" жақсы өткіздім деп ойлаймын және осы жарыстағы ең белсенді шабандоздың жейдесін киюге мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Мен өзімнің әріптестеріме, бүкіл Astana Qazaqstan Development Team командасына маған көрсеткен тамаша қолдаулары үшін алғыс айтқым келеді. Мен бүгін жақсы нәтижемен әлем чемпионының жейдесін барынша жақсы көрсетуге бел будым. Жарыстың соңғы метрлеріне дейін күрестім. Бірақ спринтте әрқашан осылай болады және қалай аяқталатынын білмейсің... Финалда бірнеше рет шабуылдауға тырыстым. Бірақ ол нәтиже бермеді. Соған қарамастан жеңіс тұғырына көтерілдім. Сол үшін де қуаныштымын", – дейді Евгений Федоров.

Жарыстың екінші жартысындағы толассыз шабуылдардан кейін Евгений Федоров пен Харольд Мартин Лопес бес адамнан тұратын көшбасшылардың шағын тобында болды. Олар өздерінің соңынан ілескен топтан шамамен 50 секундтай басымдылдыққа ие болды.

Лопес Федоровпен тамаша жұмыс атқарды. Алдыңғы қатарда тынымсыз жұмыс істеп, қарсыластарының шабуылдарын бақылауда ұстады. Кейінірек Равеллино мен Марконага ди Эллоның соңғы екі көтерілуінде көшбасшылар тобында шабуылдар легі тоқтамады. Евгений Федоров алға озып, қарсы шабуылға шықты. Дегенмен жарыс тағдыры төрт адамдық спринтте шешілді. Бұл тартыста 23 жасқа дейінгі әлем вице-чемпионы және 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы Алек Сегарт болды. Федоров мәреге екінші болып келсе, ал Джордан Лабрусс үздік үштікті түйіндеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу