Евгений Федоров велоспорттан Азия чемпионы атанды

282

Бұған дейін Қазақстан құрамасы командалық сайыс бәсекесінде де алтын жүлдені алған еді. 

Евгений Федоров велоспорттан Азия чемпионы атанды Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Федоров Таиландтың Пхитсанулок қаласында өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тас жолдағы велоспорттан жекелей сайыста алтынға талас қазақстандық қос спортшы арасында өрбіді. 

Нәтижесінде, Евгений Федоров чемпион атанды. Күміс жүлдені тағы бір отандасымыз Дмитрий Груздев иеленді. Ал тайваньдық Чун Кай Фэнь бұл бәсекеде қола медальды еншіледі.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы командалық сайыс бәсекесінде де алтын жүлдені алған еді.

Ол жарыста ел намысын Дмитрий Груздев, Евгений Федоров, Антон Кузьмин, Махаббат Үмітжанова, Рината Сұлтанова, Анжела Соловьева қорғаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу