Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды.
Спортшы 500 метр қашықтықта үшінші орын алды. Ол мәреге 34,30 уақыт көрсеткішімен жетіп, өзінің жеке рекордын жаңартты.
Жеңісті 34,18 нәтижесімен нидерландтық Еннинг Де Бо иеленді. Екінші орынды 34,27 уақытымен АҚШ спортшысы Джордан Штольц алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу