Евсеев жұптық сында Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты

1205

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев италиялық Риккардо Бонадиомен дуэтте Оэйрашта өткен Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.

Евсеев жұптық сында Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты

Жүлде қоры 31,5 мың еуроны құрайтын турнирдің алғашқы айналымында қазақстандық-италиялық жұп америкалықтар Йенсен мен Хантер Джонсондарды 5: 7, 6: 4, 10: 3 есебімен жеңді.

Ал екінші кезеңде Евсеев/Бонадио жұбы чех теннисшісі Зденек Колар мен мароккалық Эллиот Беншетриден басым түсті. Қорытынды есеп 7: 6, 3: 6, 8:10. Бір сағат 32 минутқа созылған матчта Денис пен Риккардо тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті орындады. Енді жарыстың жартылай финалында Евсеев пен Бонадио ресейлік теннисші Теймураз Габашвили және тайландтық Цзэн Цзэнмен күш сынасады.

Сонымен қатар тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бублик "Мастерс 1000" Miami Open туниріне қатысып жатқан болатын. Алайда, ол ширек финалдағы матчта Янник Синнерге екі сетте де, 5:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Бублик пен Синнер арасындағы кездесу 1 сағат 42 минутқа созылды. Янник тоғыз брейк-пойнттың үшеуін сәтті орындап, үш рет екі еселенген қателікке жол берді. Сондай-ақ допты ойынға қосу барысында екі рет қателесті. Ал Александр Бублик жеті эйс жасап, допты ойынға қосу барысында бес рет қателікке бой алдырды. Нәтижесінде 19 жасар италиялық теннисші жалпы ойын қорытындысы бойынша 2:0 есебімен қарсыласын тізе бүктірді.  

Кездесу аяқталған соң Бублик әзілдеп, қарсыласын жеңісімен құттықтады.

"Досым, сен адам емессің. Небәрі 19 жастасың. Бірақ сен қазірдің өзінде осылай ойнасың", - деді қазақстандық теннисші матчтан кейін.

Сондай-ақ ол кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының ресми сайтына берген сұхбатында әлемдік рейтингтің ТОП-50 қатарындағы өзінің жетістіктері жайлы түсіндіре кетті. Александр биылғы жылы ATP турнирлерінде екі финалға дейін жетіп, Miami Open тунирінің ширек финалына шықты.

"Мен басқаша ойнай бастадым деп айта алмаймын. Өйткені теннис - бұл толықтай интеллектуалдық ойын. Бірақ, мен соңғы 12 айда корттан тыс уақыт өткізген кезімде бос уақытымды оң нәтиже көрсету үшін қолдандым. Маусымаралық уақытта бала кезімнен еңбекқор болдым. Себебі үйде қол қусырып отыруды ұнатпаймын. Жалпы, маған карантин уақыты ұнады. Алда турнирлер болмайтынын білдім. Өзімнің осал тұстарымды жақсарту үшін бар күшімді жұмсадым. Егер мен бірнеше кездесуде жеңіске жетсем, содан кейін сәтсіздікке ұшырасам, мен мұның маңыздылығын түсініп, ойынымды жақсартамын. Өзіме сенімді бола бастадым. Бірақ, маған "мықты бол немесе үйге қайт" деген ойын стилі ұнайды. Қажет болған кезде қаласам да, қаламасам да, үш сағат жүгіремін. Ойында жеңіске деген мүмкіндік 50-50 болғанда қатты ұнайды. Жеңістен кейінгі адреналин немесе жеңіліске деген қорқыныш. Ойында осы екі нәрсе қолдау көрсетеді және мен осы үшін ойнаймын", - деді Александр Бублик.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу