"Қоғамдық пікір" институты Exit-poll нәтижесін жариялады. Оның нәтижесі бойынша сайлаушылардың 70,13 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Әдетте Exit-poll-дың нәтижесі ресми дерекпен үндесетінін ескерсек, "Нұр Отан" партиясының үміткері Қазақстан Президенті атанды.
Одан кейінгі орынға Әміржан Қосанов жайғасқан. Оған дауыс берген сайлаушылардың саны – 15,39 пайыз.
Жамбыл Ахметбеков сайлаушылардың 3,86 пайыз дауысын жинаса, Дания Еспаеваға сайлаушылардың 5,32 пайызы дауыс берген.
Төлеутай Төлеутай Рахымбековтің көрсеткіші – 3,03 пайыз. Амангелді Таспихов сайлаушылардың 1,41 пайыз дауысына ие болса, Сәдібек Түгелдің көрсеткіші – 0,86 пайыз.
Фархат Әміренов
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу