Exit Poll: Сайлаушылардың кем дегенде 82%-ы Тоқаевқа дауыс берді

Сайлаудан соң жүргізілетін сауалнаманың алғашқы нәтижелері жарияланды.

Exit Poll: Сайлаушылардың кем дегенде 82%-ы Тоқаевқа дауыс берді

"Ашық қоғам" аймақтық зерттеулер халықаралық институты" қоғамдық қоры жүргізген сауалнама қорытындысына сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,45% дауыс жинаған. Екінші орында барлығына қарсы бағаны.

Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,45%,

Қарақат Әбден – 2,54%,

Нұрлан Әуесбаев – 2,17%,

Жигули Дайрабаев – 3,33%,

Мейрам Қажыкен – 2,23%,

Салтанат Тұрсынбекова – 2,08%,

Барлығына қарсы – 5,2%.

Сондай-ақ "Аманат" партиясының қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама қорытындысы жарияланды.

Оның нәтижелері:

 Салтанат Тұрсынбекова – 1,44%,

 Мейрам Қажыкен – 2,43%,

 Қарақат Әбден – 2,61%,

 Нұрлан Әуеспаев – 1,93%,

 Қасым-Жомарт Тоқаев – 85,42%,

Жигули Дайрабаев – 2,67%,

Барлығына қарсы – 3,04%.

"Астана кешенді әлеуметтік зерттеулер институты" жүргізген сауалнама қорытындысына сүйенсек, үміткерлерге берілген дауыс дауыс үлесі төмендегідей:

Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,02%,

Қарақат Әбден – 2,84%,

Нұрлан Әуесбаев – 2,38%,

Жигули Дайрабаев – 3,68%,

Мейрам Қажыкен – 2,62%,

Салтанат Тұрсынбекова – 2,24%,

Бәріне қарсымын – 4,22%.

Әзірге бұл тек алдын ала нәтижелер.

Еске сала кетсек, сайлауға алты үміткер қатысты. Мәліметтерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 22.00-дегі дерек бойынша қатысуға құқылы қазақстандықтардың 69,43 пайызы дауыс берген.

Республика бойынша барлығы 10 мыңнан астам сайлау учаскесі құрылды. Ең белсенді өңір – Жетісу облысы, адам ең аз қатысқан өңір – Алматы қаласы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу