EXPO-2017 көрмесіне келушілерді атом көлдері қызықтырары сөзсіз

Сергей Буянов Сергей Буянов
11864

Шетелдік туристердің қызығушылығы үш бағытта болады. Ол әскери-ғарыштық, лагерь және индустриалды тақырып   

EXPO-2017 көрмесіне келушілерді атом көлдері қызықтырары сөзсіз

 Келер жылы елордасы Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне бас қаламыз ғана емес, көршілес қарағандылықтар да қызу дайындалуда. Шахтерлер шаһарындағы "Сарыарқа" әуежайы қосымша шет елдерден келетін қонақтарды күтіп алу міндетін атқармақшы. Көрмеге бармас бұрын Орталық Қазақстан өңірі меймандарды табиғи ландшафттан бөлек, тарихи жәдігерлерімен де таныстырылады деп күтілуде.
Облыстағы "Авалон" аталатын тарихи-жағрапиялық бірлестіктің Еуропа мен АҚШ туристеріне қызмет етіп келе жатқанына  он жылға жуықтады. Бірлестіктің президенті Виталий Шуптардың айтуынша, туристерді тартуда сол аймақтың өз ерекшелігі бар екендігін ескермейміз. Мысалы, Балқаш көлі климаты жылы елдердің жағажайларымен бәсекелесе алмайды. Ол мемлекеттерде суға шомылу маусымы бізбен салыстырғанда ұзағырақ болатындықтан баға да арзан. Жағажайда демалу үшін қазақстандықтарға Түркияға барып-қайту оңайырақ. Біздің облыстағы көлдерге шомылуға шетелдіктер түгілі, өз өңіріміздің тұрғындары келеді деу қиял ғана. Виталий Шуптар одан өзге шетел жиһангездері тамашалауға тұрарлық дүниелер жеткілікті дейді. Олар, әсіресе, Қазақстанның ежелгісінен гөрі, бергі тарихымен танысуға құмар көрінеді.
"Психологияда мынадай теория бар, яғни, адам өзіне беймәлім, мүлде хабары жоқ нәрсеге қызықпайды. Сондықтан бізге құнды Ұлытаудағы Жошы хан кесенесін көруге шетелдіктер құлық танытуы екіталай. Айтар болсақ, АҚШ-тан келген турист онда бармас еді.
 Есесіне Виталий Шуптардың сөзінше, өткен ғасырдағы әскери-ғарыштық, концлагерьлер мен Кеңес үкіметі кезіндегі индустрияландырудан қалған ескерткіштерді көруге ынтық. "Қырғи қабақ соғысы" уақытында бұл нысандардың  көбісі құпия болды. Дегенмен, әлем елдері бұл туралы там-тұмдап болса да біледі. Семейдегі ядролық полигон алаңдары,Байқоңыр ғарыш айлағы, КарЛаг лагері, Теміртаудағы "Қазақстан магниткасы" еуропалықтарға қызықтырақ.
Келешекте Қарағандыдағы көмір шахтасына түсу мен Жезқазған даласында әскери-ғарыштық сынақтар өткізілген аймақтарға тур ұйымдастыру жоспарлануда. Көбінесе туристер Семей атом полигоны аумағына кірген Қарағанды қаласынан 340 шақырым болатын Мыржық ауылын көруді қалайды екен. Ұлттық ядролық орталықтың рұқсаты мен қоса мамандары да радиациялық қауіпке кезікпес үшін бірге болады. Мыржық ауылында ядролық жарылыстан соң зардабын сынау үшін салынған көпір, метро станциясы, көпқабатты ғимараттың қалдықтары әлі күнге сол күйінде сақталған. Ғалымдар алыстан сынақты бақылайтын екі мұнарасын, жарылыстан кейін пайда болған көлді де көрсетеді.
Шетелдік туристер аралайтын Кеңестік концлагерлер Ақмола облысындағы Малиновка елді мекеніңдегі АЛЖИР, Қарағандыдағы Долинка кентіндегі КарЛаг лагеріндегі тұрақтар асхана, аурухана бүгінге дейін қаз-қалпында.
Тур кестесінде 1980 жылы Гиннес рекордтар кітабына енген Екібастұздағы "Богатырь" көмір кенішінде, Теміртаудағы металлурия комбинатында болу қарастырылған.
"Біздер туристерді көмір шахталарына түсіруді ойластырғанбыз. Шетелдік саяхатшылар ол жөнінде көп сұрайды. Көмір өндіруші кәсіпорын басшылары мұнда қауіпті екендігін айтып біздерді жолатқысы жоқ. Амалсыздан болашақ кеншілердің жаттығатын тереңдігі бес метр болатын  шахталарды туристерге ұсынуға мәжбүрміз. Германияның  Рур аймағында кеніштердегі көмір қоры таусылғанымен, биліктегілер жергілікті тұрғындар жұмыссыз қалмас үшін  мұражайлар ашып, шахталарды туристер тамашалайтын орындарға айналдырды. Әзірге бізге де пайдалы қазбалардың сарқылуын күтуге тура келеді",- дейді Виталий Шуптар.

Сергей Буянов, Қарағанды

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу