EXPO пәтерлерінің тағдыры айқындалған жоқ

2775

EXPO кешенінің аумағында мемлекет тапсырысы мен есебінен салынған тұрғын үй сатылымға 2018 жылдан ерте қойылмайды.

EXPO пәтерлерінің тағдыры айқындалған жоқ

42 тұрғын үй кешеніндегі 1374 пәтер және 1412 көлік орны бар паркинг "Бәйтерек Development" АҚ-ға ("Бәйтерек" мемлекеттік холдингінің еншілесі) тиесілі, оның құрылысы мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландырылды (қаржыны Ұлттық қор қайтарымды негізде бөлді). Құрылысты "Базис-А" және "BI Group" компаниялары жүргізді.

Көрме қатысушыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 1300 пәтер мен осынша көлік орны "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясына 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалға берілгенін мәлімдеді "Байтерек Development" АҚ баспасөз қызметі.

Жалға алу мерзімі аяқталған соң пәтерлер одан әрі қалай пайдаланылатыны анықталатын болады деді ұлттық компанияда: "Жоғарыда аталған тұрғын үйді сату туралы шешім EXPO 2017 халықаралық көрмесі және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ жалдау мерзімі аяқталған соң шығарылатын болады. Әзірше пәтерлердің құны, сату әдістері анықталған жоқ".

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы ашық байқау өткізу арқылы  басқарушы компания ретінде "Дипломат" мейманханасы мен Бизнес-орталық" ЖШС-ны тартқанын хабарлады.

"Компания өз есебінен аталған тұрғын үй кешенін жиһазбен, техникамен жабдықтап, басқаруға қатысты шығынның барлығын өз мойнына алды", - деп хабарлады "Астана ЭКСПО-2017" баспасөз қызметінде.

Басқарушы компания abctv.kz-ке Gold класс және Silver класс деп бөлінетін апартаменттердің орналасу орындары мен көрме қатысушыларына арналған жалдамалы орындарын көрсетті. Апартаменттерді жалдау құны бөлме саны мен қай сантқа жататынына (сәйкесінше, қажетті заттармен жабдықталуына) байланысты. Аталған жобаның коммерциялық мәселесі туралы сөз қозғаудан ЖШС өкілдері бас тартты.

Бір бөлмелі апартаменттердің аумағы – 43 шаршы метрге дейін, екі бөлмелі – 72 шаршы метр, үш бөлмелі – 96 шаршы метрге дейін, төрт бөлмелі – 119 шаршы метрге дейін.

Басқарушы компанияның мәліметі бойынша, жалға алушыларға жаттығу залы, кір жуатын орын, химиялық тазалау, балалар орталығы және SPA-салонның қызметі ұсынылады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында EXPO-қалашығының аумағында үш бақылау-өткізу пункті, полиция тірек пункті, бейнебақылау жүйесі іске қосылады және аумақты тәулік бойы күзету қамтамасыз етіледі.

Өз елінің құрылысын безендіруге келген көрменің қатысушылары пәтерге жайғаса бастады. Бұдан бұрын басқарушы компания белгілі бір жағдайларда (жалға алынатын апартаменттер санына байланысты) жалға алушыларға жеңілдік беруге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Дина Ермағанбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу