Bloomberg агенттігінің дерегінше, мердігерлер аудио файлдардың қайда және қалай жазылғаны туралы білмеген. Олар тек хабарламаларды тыңдаумен айналысқан.
Facebook бұл ақпараттың рас екенін мойындады. Бірақ олар дауыстық хабарламаларды тыңдауды тоқтатқанына бір аптадан асып кеткенін айтты.Компания өкілдерінің айтуынша, Facebook месенджерінде хабарламаны тыңдауға рұқсат беретін батырманы басқан қолданушылардың деректері ғана тыңдалған. Олар Facebook-тің жасанды интеллекті дыбыстық хабарламаларды дұрыс қабылдап жүргеніне көз жеткізгісі келген.
Бұған дейін Google қызметкерлерінің Google Home және Google Assistant-ке берген дыбыстық пәрмендерді тіркеп жүргені жария болған еді. Ресми дерекке сүйенсек, бұл файлдар сарапшылар мен тіл мамандарына жіберіліп зерттелген.
Табиғат Нұрболат