FIFA әлем кубогы Алматыда

111

Бұл футбол жанкүйерлері үшін айтулы оқиға болмақ. 

FIFA әлем кубогы Алматыда

Алматыға FIFA футболдан әлем чемпионатының түпнұсқа трофейі жеткізіледі. Тарихи кубок қалаға 26 қаңтарда келеді. 
Атаулы іс-шара FIFA трофейінің халықаралық туры аясында, Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылады. Осы күні алматылықтар мен қала қонақтарына әлемдік футболдың басты символын өз көздерімен көруге бірегей мүмкіндік туады.

Айта кету керек, аты аңызға айналған кубок Алматыда бірнеше сағат қана аялдап, одан әрі дүниежүзілік сапарын жалғастырады.

FIFA әлем кубогы – жаһандық спорт тарихындағы ең беделді әрі ең құнды трофейлердің бірі. Ол үшін жер шарының ең мықты ұлттық құрамалары төрт жылда бір рет жасыл алаңда бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу