ФИФА президенті "Қайратқа" құттықтау хат жіберді

252

Айта кетейік, жақында Алматының "Қайрат" футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы маусымында чемпион атанған болатын.

ФИФА президенті "Қайратқа" құттықтау хат жіберді Фото: kff.kz

ФИФА президенті Джанни Инфантино "Қайрат" футбол клубын чемпион атануымен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Джанни Инфантино Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың атына ресми хат жолдаған.

"Осы хат арқылы Қазақстанның жаңа чемпионын - "Қайрат" футбол клубын құттықтауыма рұқсат етіңіз! Маусым бойғы тұрақты еңбегі мен көрсеткен нәтижесі лайықты жемісін беріп, осы маңызды титулға жеткізді. Командадағы әр ойыншыны және клубтың барлық мүшесін осы үлкен жетістікке байланысты құттықтаймын!" – деп жазады Инфантино.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу