FIFA Series 2026 турниріне шақырту алған қазақстандық футболшылардың есімдері белгілі болды

92

Ұлттық құраманың жұлдызды футболшыларының барлығы дерлік жаңа турнирге қатысуға шақырту алды. 

FIFA Series 2026 турниріне шақырту алған қазақстандық футболшылардың есімдері белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов наурызда өтетін FIFA Series 2026 турниріне шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Турнир 25-28 наурыз аралығында Астана қаласындағы "Астана Арена" стадионында өтеді. Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Комор аралдарына қарсы ойнайды. Екінші ойында Кувейт немесе Намибия құрамаларының бірімен кездеседі.

Ұлттық құраманың кеңейтілген тізімінде 50 футболшы бар. 1 наурызға дейін FIFA талаптарына сәйкес тізім жіберіліп, турнирге 26 ойыншы тіркеледі.

Бапкерлер штабы Премьер-лиганың матчтарын қарап, ойыншылардың алаңдағы уақыты мен ойын деңгейіне қарай іріктеу жүргізді. Үшінші тур 22 наурызда аяқталады. Ал 25-інде алғашқы матч басталады. Сондықтан соңғы құрамға тек ең жақсы формадағы және дайын ойыншылар таңдалатыны белгілі болды. 

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Александр Заруцкий ("Ақтөбе"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы").

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – "Ордабасы"), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (бәрі – "Қайрат"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – "Астана"), Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек (екеуі де – "Елімай"), Наурызбек Жагоров, Мейрамбек Қалмырза (екеуі де – "Тобыл"), Әділет Кеңесбек, Сағи Совет (екеуі де – "Қайсар"), Дінмұхаммед Қашкен ("Жетісу"), Санжар Сатанов ("Атырау"), Сағадат Тұрсынбай ("Жеңіс"), Бағдат Қайыров ("Ақтөбе"), Амандық Нәбиханов ("Каспий").

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Жан-Әли Пайруз, Алмас Төлібай (бәрі – "Елімай"), Әділет Садыбеков, Дамир Қасабулат (екеуі де – "Қайрат"), Айбол Әбікен, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де – "Қайсар"), Зикрилло Сұлтаниязов ("Ордабасы"), Дамир Марат, Александр Зуев (екеуі де – "Тобыл"), Исламбек Қуат ("Жеңіс"), Дінмұхамед Караман ("Астана"), Георгий Жуков ("Ақтөбе").

Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев, Рамазан Бағдат (екеуі де – "Қайрат"), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – "Ахмат", Ресей), Ислам Чесноков ("Хартс", Шотландия), Жаслан Жұмашев, Дәурен Жұмат (екеуі де – "Тобыл"), Эльхан Астанов ("Ордабасы"), Рамазан Кәрімов ("Астана"), Иван Свиридов, Айбар Жақсылықов (екеуі де – "Елімай"), Оралхан Өміртаев ("Оқжетпес"), Артур Шушеначев ("Ақтөбе"), Нұрдәулет Ағзамбаев ("Қайсар").

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу