Қазақстан құрамасы Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды. Матчтар 2026 жылдың 23-31 наурыз күндері аралығында Астана қаласындағы "Астана Арена" стадионында өтеді.
Ойындар күнтізбесі:
25.03.2026
- М1. Қазақстан - Комор аралдары – 15:00
- М2. Кувейт - Намибия – 20:00
28.03.2026
- М3. ұтылған команда М1 - ұтылған команда М2 – 15:00
- М4. жеңімпаз М1 - жеңімпаз М2 – 20:00
Қазақстан FIFA Series 2026 турнирін қабылдайтын алғашқы елдердің қатарына енді.
Сонымен қатар, Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан да матчтар өткізеді. Әйелдер құрамаларының ойындары Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта өтеді.
Әр топта түрлі құрлықтан 4 команда болады. Әр құрама 2 ойыннан өткізеді. Бұл күнтізбедегі матч санын көбейтпеуге мүмкіндік береді. Осының арқасында халықаралық кездесулердің сапасын арттыруды көздейді.