FIFA вице-президенті Қазақстанға келді

329

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) және вице-президенті Шандор Чаньи Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) кеңсесіне ресми сапармен келді.

FIFA вице-президенті Қазақстанға келді Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Іс-сапар барысында Федерация президенті Марат Омаров Шандор Чаньиге ҚФФ кеңсесінде таныстыру экскурсиясын өткізіп, федерацияның қызметі туралы баяндады. Сондай-ақ, футбол үйіндегі манежді көрсетті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда футболды дамыту, FIFA және UEFA ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті.

Бұған қоса, футбол бастамаларын жүзеге асыруда өзара қолдау көрсету қажеттігі жайлы өзекті мәселелерді талқыланды.

Шандор Чаньи жаңадан ҚФФ президенті болып сайланған Марат Талғатұлын қызметімен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықтың жемісті болатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, FIFA мен UEFA Қазақстанда футболдың дамуын жан-жақты қолдауға дайын екенін ерекше атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу