29 қарашада Рука қаласында (Финляндия) шаңғы жарысынан әлем чемпионаты кубогы басталады. Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы алдағы жарыстарға қатысатын спортшыларды таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ерлер арасында жарысқа Наиль Башмаков, Федор Карпов, Олжас Климин, Святослав Матасов, Владислав Ковалев, Виталий Пухкало, Ернар Нұрысбековтер қатысады.
Ал әйелдер арасындағы бәсекеге Дарья Ряжко, Надежда Степашкина, Кәмила Махмұтова, Кәмила Елғазинова, Ангелина Шурыга, Ксения Шалыгина қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу