Фирмааралық қарыз тікелей инвестиция ағынын жоқ қылды

3171

Осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде елдегі төлем балансының күнделікті шотының тапшылығы 16,4%-ға қысқарған.

Фирмааралық қарыз тікелей инвестиция ағынын жоқ қылды

Осы жылдың алғашқы тоғыз айында төлем балансының күнделікті шотындағы кері сальдо Ұлттық банктің алдын ала бағалауы бойынша 16,4%-ға немесе бір жыл бұрынғы деңгейден тура 1 млрд долларға, яғни 5,04 млрд долларға дейін қысқарған деп хабарлайды abctv.kz ҚР қаржы реттеушісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Осы жылдың III тоқсанында күнделікті шоттағы тапшылық 2,1 млрд доллар болған, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 1,7%-ға (немес 35 млн долларға)  және II тоқсандағы көрсеткіштен 42%-ға (немес 627 млн долларға) көп.

III тоқсанда сауда балансы 3,42 млрд доллар болған, бұл бір жыл бұрынғы деңгейден 46%-ға (1,08 млрд доллар) көп, бірақ 2017 жылдың II тоқсандағы көрсеткіштен 20%-ға  (808 млн доллар) аз. Жылдың басынан бері көрсеткіш былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткішке қарағанда 77%-ға өсіп, 12 млрд долларға жеткен.

Қаңтар-қыркүйектегі тауарлардың экспорты 35,1 млрд доллар болған. Бұл 2016 жылдың осындай кезеңіндегіден 31,1%-ға немесе 8,3 млрд долларға көп. Мұнай мен газ конденсаты экспортының құны 36,6%-ға өскен, ал қара және түсті металдар экспорты 59,1% және 20,9%-ға өскен деп көрсетті реттеуші. Осы уақыт ішіндегі импорт 23,1 млрд доллар болып, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 15,6%-ға артық шықты.

Осы жылдың тоғыз айындағы инвестициялық табыс балансы кері көрсеткіш көрсетіп, шетелге 12,3  млрд доллар болып, тікелей шетелдік инвесторларға төленген. Бірақ реттеуші айтып өткендей, бұл табыстың жартысы Қазақстандағы еншілес кәсіпорындарға қайта құйылған.  

Қаржылық шот бойынша алдын ала капитал ағыны 6,6 млрл доллар болған, бұл 2016 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен  8,3%-ға (немесе 590 млн долларға) аз. Оның ішінде тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) бойынша капитал ағыны 3,3 млрд доллар болып, 2016 жылғы деңгейден 3,5 есе аз көрсеткіш көрсеткен.

"Осы жылдың III тоқсанында қазақстандық кәсіпорындардың үлестес тұлғалар алдындағы фирмааралық қарызды өтеу мақсатында көп төлем жасауы ТШИ таза ағынының қысқаруына себеп болған", – деп түсіндірді Ұлттық банк баспасөз қызметі.  

2017 жылы (I және II тоқсан мәліметі негізінде) фирмааралық қарызға қызмет көрсету бойынша орташа тоқсандық төлем 4,52 млрд доллар болған. 2013-2016 жылдары бұл көрсеткіш 3,14 млрд, 3,47 млрд және 4,22 млрд долларға тең болған.

2017 жылдың соңында III тоқсанның нақты көрсеткіші жарияланады.

Жыл басынан бастап қоржындық инвестицияның динамикасы елімізге келген таза капитал ағыны 8,4 млрд доллар мөлшерінде болғанын  көрсетті. Оның 6,27 млрд доллары III тоқсанға тиесілі. Экономика саласы бойынша қаржылық есепті талдау негізгі ағын көлемі яғни 5,86 млрд доллар үкіметке және Ұлттық банкке тиесілі екенін көрсетті.

Еске салар болсақ, III тоқсанда Ұлттық қордың сыртқы активтері есебінен Қазкоммерцбанкті санациялау бойынша келісімді қаржыландырып, бюджетке трансферттер аударылған.

 III тоқсандағы төлем балансының  жіктелмеген бабындағы қаржылық ресустар ағыны мен қателіктері 681,5 млрд доллар болған, бұл алдындағы тоқсанның және 2016 жылдың III тоқсандағы көрсеткішінен шамамен 6-7 есе көп. Жыл басынан бері мұндай баптар бойынша аударылған капитал ағыны 1,38 млрд доллар болып, бір жыл бұрынғы деңгейден 26%-ға немесе 287 млн долларға көп.

Ұлттық банктің резервтік активтері жыл басындағы 29,5 млрд доллармен салыстырғанда 1 қазанда 32,2 млрд доллар болды және ол 9,1 айда қазақстандық тауар мен қызмет көрсетудің импортын қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан  Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу