Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

406

Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады, болжам – "Тұрақты", деп жазады inbusiness.kz сайты.

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады Фото: kun.uz

Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлардың қатарында – рейтингі ұқсас елдер арасындағы орташа көрсеткіштен едәуір асатын және елдің қаржылық икемділігін қамтамасыз ететін қуатты сыртқы буферлер қалып отыр.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық активтері мен ресми алтын-валюта резервтері ЖІӨ-нің 38% баламасына жетті, бұған инвестициялардың 8,4% деңгейіндегі кірістілігі және алтын бағасының өсуі ықпал етті.

Сарапшылар мұнай саласына тәуелділікті біртіндеп азайтуға ықпал ететін көлік және жаңартылатын энергия сынды секторларды дамыту бойынша жасалып жатқан қадамдарды айтты.

Бұған қоса, агенттік кең ауқымды қайталама санкциялар салудың салыстырмалы түрде төмен тәуекелдерін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу