Fitch "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ рейтингін "BBB-" деңгейін растады

1168

Халықаралық рейтинг агенттігі Fitch Ratings "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ-ның шетел және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін ("ЭДР") "BBВ-" деңгейінде растады. Болжам тұрақты.

Fitch "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ рейтингін "BBB-" деңгейін растады Фото: QIC

Бұл шешім Fitch-тің Қазақстан тарапынан (BBB/Тұрақты) QIC "жоғары ықтималдылық" деген төтенше қолдауы оның мемлекетпен тығыз интеграциясы мен елдегі бірыңғай баламалы инвестициялық платформа ретінде шоғырланған рөліне байланысты пікірін көрсетеді.

Қазақстан тарапынан QIC төтенше қолдау көрсету қажет болған жағдайда "өте ықтимал" екендігін Fitch критерийлері бойынша 35 (максималды 60 баллдан) қолдау бағалауы көрсетінін Fitch талдаушылары баса айтады.

2022-2023 жылдары QIC тікелей инвестициялар бағытын дамытатын Қазақстандағы негізгі мемлекеттік институттың рөлін күшейтті. 2023 жылдың қаңтарында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (BBV/Тұрақты) еншілес ұйымы болып табылатын QIC атауын өзгертті және өзінің негізінде холдингтін бірнеше басқа ұйымдарын біріктіріп, ресми түрде қайта ұйымдастыру процесін аяқтады.

Мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мақсатында мемлекет QIC акционерлік капиталына қаражат салады. Жалпы қаржыландыру көлемі 2023 жылдың соңына қарай 147,8 млрд теңгені құрады. Одан басқа, мемлекет ауыл шаруашылығын дамыту жобалары мен газ құбырының құрылысына 2023 жылдың соңында жалпы сомасы 53 млрд. тенге ұзақ мерзімді борыштық қаржыландыруды ұсынды. Орта мерзімді перспективада QIC үшін басым қаржыландыру көзі болып мемлекетпен байланысты ресурстар қалатындығы Fitchпен күтілуде, бұл  бизнес үшін тікелей және жанама ("Бәйтерек" және/немесе басқа квазимемлекеттік институттар арқылы) мемлекеттік қаржыландыруға тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

QIC әртараптандыруды және Қазақстанның көмірсутектік тәуелділіктен шығуын қолдай отырып, жаңартылатын энергетикадан бастап тамақ өнеркәсібі, инфрақұрылым және табиғи ресурстар салаларында жобаларды іске асыратынын Fitch баса айтты. Fitch пікірінше, QIC қаржыландыратын жобалар мемлекет үшін жоғары әлеуметтік-саяси маңызға ие.

Сонымен қатар, QIC дефолты мемлекеттік инвестициялық бағдарламалардың, сондай-ақ соңғы 10 жылда Қазақстанда жеке меншік капиталды дамыту бойынша мемлекет қабылдаған шаралардың орындалуына уақытша қауіп төндіруі мүмкін.

Айта кету керек, Fitch рейтингтік өлшешарттарына сәйкес QIC ұлттық рейтингі "AA+(kaz)" деңгейінде расталды.

Толығырақ мына сілтеме бойынша біле аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу