Forbes тізіміне енген қазақстандық кәсіпкерлер кімдер?

3259

Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жариялады. Олардың арасында қазақстандықтар да бар. 

Forbes тізіміне енген қазақстандық кәсіпкерлер кімдер?

Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе (kaspi.kz) және Тимур Турлов (Freedom Finance) әлемдік қор нарығына бағалы қағаздарды шығарып, алғаш рет әлемнің ең бай адамдарының тізіміне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап. 

Биыл әлемдегі миллиардерлердің саны 2755 адамға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 660 адамға көп.

Сондай-ақ тізімге енген қазақстандық бизнесмендердің қатары көбейген.

Вячеслав Ким әлемдік рейтингте 622-орынға ие болды. Forbes оның байлығын 4,6 млрд долларға бағалаған. Бір жылда ол 900 млн доллар пайда тауып, еліміздегі ең бай адамдардың көшін бастады. 

Болат Өтемұратов рейтингте 891-орында. Оның байлығы –  3,4 млрд доллар. Ол бір жылда 700 млн доллар табыс тапқан.

Kaspi.kz-тің негізін қалаған Владислав Ким (3,3 млрд доллар) мен Михаил Ломтадзе (2,3 млрд доллар) тізімде 925-956 орында тұр. 2020 жылы kaspi.kz финтех-компаниясы Лондон қор биржасына шықты. Осы жылдың 7 сәуірінде компанияның бір акциясының бағасы 76,5 доллар болды.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 1111 орында. Әрқайсысының байлығы – 2,8 млрд доллар.

Сонымен қатар Forbes рейтингіне алғаш рет Freedom Finance компаниясының
акционері Тимур Турлов енді. Ол 1517-орынға ие болды. Оның байлығы – 2,2 млрд доллар.

Басылымның мәліметінше, 2020 жылы акцияларды жария орналастыру (IPO), криптовалюта, әрі әлем биржаларында акция бағасы айтарлықтай өскен. Нәтижесінде тізімдегі миллиардерлердің де саны артқан.

Айта кетейік, Amazon компаниясының негізін қалаушы, америкалық кәсіпкер Джефф Безос әлемдегі ең бай адам атанды. Оның байлығы – 177 млрд доллар. 
Ол бір жылда 64 млрд доллар пайда тапқан.

Қор биржаларындағы акциялардың өсуі нәтижесінде Илон Маск
31-орыннан 2-орынға бірден көтерілген. Оның байлығы – 151 млрд доллар. Ол бір жылда 126,6 долларға байыған.

Тізімде Louis Vuitton Moet Hennessy (LVMH) компаниялар тобының басшысы Бернар Арно да бар. Ол да қор биржаларындағы акциялардың өсуінің арқасында байыған. Оның байлығы – 150 млрд доллар. 

Кейін рейтингте Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтс тұр. Оның байлығы – 124 млрд доллар.

Үздік бестікті Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг қорытындылайды. Оның байлығы – 97 млрд доллар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу