Forte Challenger 125 турниріндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

2073

Елордада өтетін Forte Challenger 125 турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Forte Challenger 125 турниріндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Михаил Кукушкин алғашқы айналымда португалиялық Фредерико Ферейра Сильвамен ойнайды. Доданың бірінші ракеткасы, оңтүстік кореялық Сун-Ву Квон словениялық Блаж Роламен кездеседі. Финляндияның үздігі Эмиль Руусувуори тәжірибелі сербиялық Виктор Троицкимен шеберлік байқасады.

Турнирге арнайы шақырту алған қазақстандықтардың қарсыластары да белгілі болды. Денис Евсеев жапониялық Татсума Итоның шамасын байқап көреді. Қос қазақстандық Тимофей Скатов пен Дмитрий Попконың қай жеңгені келесі кезеңге өтеді. Александр Недовесов іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады.

Жұптық сында А.Недовесов В.Троицкимен бірге франциялықтар Уго Гренье – Александр Мюллер, Д.Евсеев –өзбекстандық Денис Истоминмен жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген америкалықтар Джексон Уизроу – Натаниэл Лэммонспен кездеседі. Сондай-ақ Т.Скатов – фин Отто Виртанен және ресейліктер Евгений Донской – Богдан Бобров, Д.Попко – грузиялық Александр Метревели және жапониялық Т.Ито – ұлыбританиялық Райан Пенистон, тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин – украиналық Владислав Манафов және үндістандық Баладжи Нсриама – словениялық Б.Рола жұптары өзара сынға түседі.

Бұл елордада қатарынан өтіп жатқан екінші жарыс. Ал Forte Challenger 100 турнирі бүгін мәресіне жетті. Мұнда жекелей сында финалда америкалық Маккензи Макдональд пен аустриялық Юрий Родионов бас жүлдені сарапқа салды. М.Макдональд бірінші кездесуінде қазақстандық М.Кукушкинді сүріндірген болатын. Ал бүгінгі кездесуде Маккензи Макдональд үшінші рет ATP Challenger Tour титулын жеңіп алды. Шешуші ойында Маккензи аустриялық Юрий Родионовты 6: 1, 6: 2 есебімен жеңді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу