Франция құрамасы Қазақстанға жұлдызды ойыншыларымен келеді

2097

Франция мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч 28-наурыз күні "Астана Аренада" өтеді.

Франция құрамасы Қазақстанға жұлдызды ойыншыларымен келеді

Франция құрамасының Қазақстанмен болатын ойынға арналған құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Франция футбол федерациясының баспасөз қызметі. Жалпы алдағы ойындарға 22 футболшы шақыртылды.

Қақпашылар: Альфонс Ареоля ("ПСЖ"), Уго Льорис ("Тоттенхэм"), Майк Меньян ("Лилль"), Стив Манданда ("Олимпик Марсель")

Қорғаушылар: Люка Динь ("Эвертон"), Лео Дюбуа ("Олимпик Лион"), Люка Эрнандес ("Бавария"), Преснель Кимпембе ("ПСЖ"), Клеман Лангле ("Барселона"), Ферлан Менди ("Реал Мадрид"), Рафаэль Варан ("Реал Мадрид"), Бенжамен Павар ("Бавария"), Курт Зума ("Челси")

Жартылай қорғаушылар: Н'голо Канте ("Челси"), Танги Ндомбеле ("Тоттенхэм"), Поль Погба ("Манчестер Юнайтед"), Адриен Рабьо ("Ювентус"), Мусса Сиссоко ("Тоттенхэм").

Шабуылшылар: Виссам Бен Йеддер ("Монако"), Кингсли Коман ("Бавария"), Усман Дембеле ("Барселона"), Антуан Гризманн ("Барселона"), Оливье Жиру ("Челси"), Тома Лемар ("Атлетико Мадрид"), Антони Марсьяль ("МЮ"), Килиан Мбаппе ("ПСЖ")

Бас бапкер: Дидье Дешам

Сонымен қатар Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанмен болатын матч туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Football365 басылымы.

Дешам синтетикалық алаңда Қазақстанмен болатын матчтан сескеніп отырғанын айтты:

"Біз қос бірдей матч өткіземіз. Жексенбіде Украинаға қарсы матчқа ойыншылардың 70 пайызы қатысады. Одан кейін бізде синтетикалық алаңда Қазақстанмен болатын екінші матч бар. Біз бұл ойынға қатысу үшін алыс қашықтықты бағындыруымыз қажет. Біз бірінші ойынға назар аударамыз және бүгін кешке немесе демалыс күнгі ойындарда (француздар өнер көрсететін клубтардың ойыны) ешқандай мәселелер болмайды деп үміттенемін", - деді Франция құрамасының бас бапкері.

"Корентин Толиссо (сол жақ жамбас жарақаты), Дайо Упамекано секілді футболшылар ұлттық құрамаға шақыртылған ойыншылар тізімінде жоқ. Ал Усман Дембеле, Тома Лемар және Альфонс Ареола ұлттық құрамаға қайта оралды. Коман, Погба және Марсьяль ойындарға толық дайын болмаса да, шақырту алды", - деп жазады француз басылымы.

Ойын 28 наурыз күні Нұр-Cұлтан қаласындағы "Астана Арена" стадионында өтеді. Бұл кездесу Талғат Байсуфинов шәкірттері үшін іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойын болғалы тұр. Сонымен қатар матчқа жанкүйерлер кіргізілмейтін болды. Өйткені Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймаққа қайта кіргендіктен, карантиндік шаралар күшейді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу