Франция ядролық әлеуетін күшейтеді

231

Бұл туралы Эмманюэль Макрон айтты. 

Франция ядролық әлеуетін күшейтеді Фото: tsn.ua

Франция президенті Эмманюэль Макрон елдің ядролық доктринасы жаңартылатынын айтты. Франция ядролық оқтұмсықтар санын арттырып, өз қорлары туралы толық ақпаратты жариялауды тоқтатпақ. Сонымен қатар Польша, Швеция және Ұлыбритания аумағында ядролық күштерін орналастыруға ниетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Эмманюэль Макронның сөзінше, алдағы жылдары ядролық қару дәуірі болмақ. AFP агенттігі Франция әлемде көлемі бойынша төртінші ядролық арсеналға ие екенін жазды. Бұл елде 290-ға жуық оқтұмсық бар. Енді Франция арсеналдың құрамы туралы ақпаратты жарияламайтын болады. АҚШ пен Ресей секілді екі ядролық державада оқтұмсықтар саны мыңға жетеді.

2036 жылы Франция "Invincible" атты ядролық қарумен жабдықталған жаңа атомдық суасты қайығын суға түсіретіні де белгілі болды. Макрон ядролық оқтұмсықтар санын арттыру туралы шешім қабылдағанын да мәлімдеді.

Франция ұсынған ядролық тежеу доктринасына тағы сегіз еуропалық ел, атап айтқанда, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Дания, Нидерланд, Польша және Швеция қосылды.

"Олар өз аумағында француздың "стратегиялық әуе күштерін" орналастыратын болады. Осылайша бұл күштер Еуропа құрлығының барлық бөлігіне таралып, қарсыластарымыздың есеп-қисабын күрделендіреді", – деді ол.

Макрон Германия, Ұлыбритания және Францияның өте ұзақ қашықтыққа ұшатын зымыран жобалары бойынша бірге жұмыс істейтінін де айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу