Францияда қазақстандық дерби өтеді

572

Монпельедегі (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалында қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Шевченко өзара мықтыны анықтайды.

Францияда қазақстандық дерби өтеді Фото: meta-ratings.kz

¼ финалдық кездесу бүгін елорда уақытымен 19:30-да Монпельедегі П. Домингес атындағы кортта өтеді.

Бұдан екі жыл бұрын осы жарыста үздік шыққан қазақстандық теннисші биыл доданың 2-ракеткасы болып тіркелген. Турнирді екінші айналымнан бастаған Александр дүниежүзілік рейтингіде 137-орында тұрған канадалық Денис Шапаваловпен сынға түсті.

Канадалық теннисші кезінде рейтингіде 10-орынға дейін көтерілген ойыншы Сондықтан ойын аса тартысты өтіп, бірінші партияда Шаповалов 6:1 есебімен алға шықты. Екіншісінде тай-брейкте Бублик қарымта қайырды – 7:6 (14:12).Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті – 3:0. Ақыры матчты жеңіспен түйіндей алды – 6:3.

Александр Бублик жартылай финалға өту үшін Александр Шевченкомен кездеседі. Ол осы аптада ATP турнирінде алғаш рет Қазақстан атынан өнер көрсетуде. Алайда теннисші құрамамызға командалық турнирлерде алдағы екі жыл көмектесе алмайтын болды.

"Халықаралық теннис федерациясының (ITF) ережесіне сәйкес, Александр Қазақстан құрамасының сапында 2026 жылдан кейін ғана жарысқа қатыса алады", – деді Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің жетекшісі Павел Цыбулин.

Осылайша, Шевченко 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға, 2024 және 2025 жылдарда өтетін Дэвис кубогына қатыса алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу