Франциядағы АЭС жұмысы медузалар кесірінен тоқтатылды

284

Мұндай жағдай бұрын да тіркелген.  

Франциядағы АЭС жұмысы медузалар кесірінен тоқтатылды Фото: ЖИ

Францияның Ла-Манш жағалауындағы Гравлин атом электр станциясында медузалардың көптеп келуіне байланысты үш реактордың жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап. 

Тағы бір реактор шектеулі режимде жұмыс істеп тұр. АЭС операторы EDF компаниясының мәліметінше, медузалар станцияға қажетті судың қалыпты берілуіне кедергі келтірген.

Медузалармен байланысты жағдайлар бұған дейін де тіркелген болатын. Былтыр олар су айдау жүйелерінің сүзгілеріне жаппай түсіп, нәтижесінде реакторларды бірнеше күнге электр желісінен ажыратуға тура келген. EDF компаниясы бұл жолы медузалардың нақты қандай ақауға себеп болғаны туралы ашып айтпады. Компанияның мәлімдеуінше, оқиға станцияның қауіпсіздігіне, қызметкерлерге немесе қоршаған ортаға қауіп төндірмеген.

Гравлин АЭС-і Францияның солтүстігінде Кале мен Дюнкерк қалаларының арасында орналасқан. Станцияда алты реактор бар. Ол Франциядағы стратегиялық маңызы жоғары атом нысандарының бірі болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу