Франциядағы шеруге 800 мыңнан аса адам қатысты

Аталған жағдайға байланысты ел президенті Эммануэль Макрон халыққа үндеу жасады.

Франциядағы шеруге 800 мыңнан аса адам қатысты Фото: lejdd.fr

Бұған дейін Франциядағы жаппай наразылық шаралары тәртіпсіздіктерге ұласқан еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінде елде 2 мыңнан астам адам ұсталса, қақтығыстар кезінде полиция мен өрт сөндіру қызметінің 600-ден көп қызметкері зардап шеккені белгілі болды.

Ұсталғандар саны туралы елдің ішкі істер министрі Лоран Нуньес мәлім етті. Оның сөзінше, әзірге жарияланған деректер алдын ала алынған. Министр тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылыққа қатысқандардың барлығы жауапқа тартылатынын айтты.

Наразылық акциялары Париж, Марсель, Лион, Бордо, Ренн, Страсбург, Гренобль, Ницца және Лимож қалаларында өтті. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шерулерге 800 мыңнан астам адам қатысқан. Наразылар өмір сүру құнының, жанармай бағасының өсуіне және мемлекеттік қызметтердің жұмысына қатысты мәселелерге назар аударуды талап еткен.

Десе де, наразылықтар тәртіпсіздікке ұласып кетті. Мысалы, Марсельде акцияға қатысушылар мэрия ғимаратына кірсе, Бордода 100-ге жуық дүкен тоналған. Ал Лимож қаласында шыққан өрт салдарынан XIX ғасырда салынған тарихи мэрия ғимаратына айтарлықтай зақым келіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу