Morningstar DBRS рейтингтік агенттігінің бағалауынша, тонау мен қирату салдарынан келген шығын қазірдің өзінде 1,2 млрд еуроға жеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Шығын көлемі орасан зор болғанымен, Morningstar DBRS агенттігінің сақтандыру жөніндегі бөлімінің басшысы Маркос Альварес "ірі сақтандыру компаниялары қаржылық салмақты еңсере алады" деп есептейді.
– Егер бұдан былай зорлық-зомбылық әрекеттері қайталанбаса, Франциядағы соңғы тәртіпсіздіктер елдің ірі сақтандыру компанияларының қаржылық нәтижелеріне әсер ететін оқиға болады деп күтеміз. Десе де, бұл олардың капиталына айтарлықтай ықпал етпейді, – деді ол.
Бұған дейін Францияның кейбір қаласында коменданттық сағат енгізілгенін жаздық.
Жаппай тәртіпсіздік салдарынан Трамп Францияны шекарасын дереу жабуға шақырған болатын.