Француздар қазақтың жылқы етіне қызығып отыр

1169

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Францияның Қазақстандағы Елшісі Сильван Гиогемен кездесті.

Француздар қазақтың жылқы етіне қызығып отыр Фото: canva.com

Кездесу барысында тараптар елдер арасындағы АӨК саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министр бірінші кезектегі бағыттардың бірі – өзара сауда көлемін ұлғайту екенін атап өтті.

"2024 жылдың 8 айында елдер арасындағы АӨК өнімінің тауар айналымы 67 млн долларды құрады. Оның ішінде ҚР-дан Францияға рапс тұқымдарының экспортын ұлғайту есебінен 6 есеге жуық өсті", – делінген хабарламада.

Кездесу барысында ұсақ мал экспортына қойылатын ветеринариялық талаптарға өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

Ірі қара малдың қолдан ұрықтандыру және француз тұқымының көмегімен қазақ тұқымдарын жақсарту жөніндегі бірлескен жоба қаралды.

Еуропалық нарыққа жылқы етін экспорттау мәселесі де маңызды тақырыптардың біріне айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу