Футбол алаңдарын жаңарту бойынша "Аlañ" бағдарламасы іске қосылды

676

Бағдарламаның басты мақсаты - балаларға футбол ойнау үшін жақсы жағдай жасау.

Футбол алаңдарын жаңарту бойынша "Аlañ" бағдарламасы іске қосылды

Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы елімізде футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасын енгізді. Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ жоба аясында жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр.

Жобаның басты мақсаттарының бірі футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау. Биыл бағдарлама аясында Ақтау, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалалары және Жетісу облысындағы стадиондардың алаңдары жаңартылады.  Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және "SD Family" клубының басшысы Дидар Сыдықбек жобаның бренд-амбассадорлары болады.

2023 жылы реновация бағдарламасына кіретін футбол алаңдары: Алматы қаласы ЦСКА стадионы, Жетісу облысы  Балпық би ауылындағы Б.Оңғаров атындағы стадион, Шымкент қаласындағы "Цементник", Ақтөбе қаласындағы №2 БЖСМ, Ақтау қаласындағы "Каспий" спорт комплексі қайта жөндеуден өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу