"Реніштеріңіз орынды": Футбол федерациясы ұлттық құраманың ойындарынан кейін мәлімдеме жасады

460

Федерацияның бас хатшысы Скотт Манн ұлттық құраманың Ұлттар лигасындағы сәтсіз нәтижелерінен кейін жанкүйерлерге үндеу жасады.  

"Реніштеріңіз орынды": Футбол федерациясы ұлттық құраманың ойындарынан кейін мәлімдеме жасады Фото: kff.kz

Ол команданың ойынына баға беріліп, бапкерлер штабы мен ойыншылардың жұмысы жан-жақты сараланатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аустралиялық маман соңғы матчтардағы нәтижелердің көңіл көншітпейтінін мойындады.

"Сіздердің реніштеріңіз орынды. Соңғы ойындардағы нәтижелердің сын көтермейтінін жақсы түсінеміз. Біз үшін қалыптасқан жағдайдың себеп-салдарын нақты бағалап, бапкерлер штабынан бастап, ойыншылардың, техникалық қызметкерлердің және ұлттық құрамалар бөлімінің жұмысын жан-жақты саралау өте маңызды", – деді Скотт Манн.

Бас хатшы құрама алдағы екі матчқа тыңғылықты дайындалып, жанкүйерлер күткен деңгейде өнер көрсету қажет екенін атап өтті.

"Осы ойындардан кейін жағдайға толық талдау жасаймыз. Алдағы апталарда нәтижені қысқа және ұзақ мерзімде жақсарту үшін қандай нақты қадамдар жасайтынымызды хабарлаймыз", – деді федерацияның бас хатшысы.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Джон ван’т Шкиптің жетекшілігімен Ұлттар лигасының екінші турында сырт алаңда Словакияға 2:1 есебімен есе жіберді. Ал үшінші турда өз алаңында Молдовадан 2:1 есебімен жеңілді.

Сондай-ақ ұлттық құрама Фарер аралдарына қарсы өткен екі матчта да тең түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу