"Футбол сабағы" жалпыұлттық бағдарламасы іске қосылды

2175

Бағдарлама алғаш рет 2017 жылы іске қосылды.

"Футбол сабағы" жалпыұлттық бағдарламасы іске қосылды

Қазақстанда "Футбол сабағы" жалпыұлттық бағдарламасы іске қосылды. Бұл арқылы орта білім беру мектептерінде бапкерлердің технологиясымен әдістеме оқыту жүйесі қолға алынды.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған білім беру дәрістері ұйымдастырылды. Ұстаздар жас футболшыларды дайындаудың қыр-сырын үйренді.

"Мектептегі футбол" бағдарламасының жаңа кезеңі 2020-2024 жыл аралығына жоспарланған.  Жоба УЕФА құрамына енген елдерде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, "Бұқара футболы хартиясының" бір бөлігі болмақ. Бұл бағытта жасалатын кезекті қадамдардың қарсаңында UEFA Share тақырыптық вебинары өтті. УЕФА-ның халықаралық сарапшылары Джейми Хоучен мен Стюарт Грив онлайн кездесуді жүргізді. Оған Қазақстан футбол федерациясынан Бұқара футболы, балалар-жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің қызметкерлері қатысты.

"Білім беру мектептерінің маңызды бір бөлігі футбол қауымдастығы саналады. Спорттың бұл түрімен балалар мектепте алғаш рет шұғылдана бастайды. "Мектептегі футбол" бағдарламасы балалардың жақсы қабылдауын мақсат етеді. Әрі қарай олардың футбол мектептеріне баруына ынталандырады. Сонымен қатар, бағдарламаның әлеуметтік және білім беру құралы ретінде маңызы зор. Футбол клубтары мен орта мектептерді байланыстырады. Кәсіпқой ойыншылар мен бапкерлерді волонтерлық қызметке тартады", - дейді ҚФФ Бұқара футболы, балалар-жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев.

"Бағдарлама әр баланың қолайлы және қауіпсіз ортада футбол ойнауын қамтамасыз етеді. Білім беру мектептері жынысына, нәсіліне, сеніміне және балалардың шеберлік деңгейіне қарамай ынтымақтастық жүргізу нағыз серіктестігі саналады", - дейді ҚФФ Бұқара футболы, балалар-жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің бас маманы Данияр Әнес.

"Футбол сабағы" жобасы біздің елімізде Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ортақ күшімен жүзеге асырылып жатыр. "Мектептегі футбол" бағдарламасының жаңа аспектілері УЕФА құрамына енетін мемлекеттердің білім беру министрліктері мен ұлттық қауымдастықтардың ынтымақтастығын жалғастыруды қарастырады.

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бағдарлама Еуропа футбол қауымдастықтарының одағының жетекшілері мен сарапшыларының тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Қазіргі уақытта ҚФФ Бұқара футболы, балалар-жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің қызметкерлері төрт жылға жоспарланған жұмысты аяқтап, әрі қарай жобаны жалғастыру үшін күш салуда. УЕФА еуропалық тәжірибесі мол сарапшылардың көмегін ұсынады. Жобаны жүзеге асыратын ұлттық қауымдастықтар HatTrick құрлық бағдарламасы аясында қаржылай көмек алады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу