Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған еуропалық командалардың тізімі белгілі болды

124

Турнир 2026 жылдың 11 маусымында басталып, 19 шілдеде аяқталады.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған еуропалық командалардың тізімі белгілі болды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің еуропалық бөлігі мәресіне жетіп, финалдық кезеңге жолдама алған құрамалар анықталды. Плей-офф кезеңінің қорытындысы бойынша тағы төрт команда мундиальға қатысу құқығына ие болды.

Шешуші кездесулер нәтижесінде Босния және Герцеговина, Чехия, Швеция, Түркия құрамалары іріктеуден сүрінбей өтіп, әлем чемпионатына тікелей жолдама алды.

Бұған дейін топтық кезең нәтижесі бойынша финалдық кезеңге ерте шыққан құрамалар қатарында Германия, Швейцария, Шотландия, Франция, Испания, Португалия, Нидерланды, Аустрия, Норвегия, Бельгия, Англия, Хорватия құрамалары бар.

Осылайша, Еуропа құрлығынан 16 команда 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңінде өнер көрсетеді.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихтағы ең ауқымды турнирлердің бірі болмақ. Алғаш рет 48 құрама қатысады. Әлемдік дода АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу