2026 жылғы Әлем чемпионатының басталуына тура 1 жыл қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Төртжылдықтың ең басты аламанына бағы жанған Иран, Жапония, Иордания, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Аустралия, Аргентина, Бразилия, Эквадор мен Жаңа Зеландия елдерінің құрамалары еніп отыр.
Бұл – Өзбекстан мен Иордания үшін дебюттік жарыс. Жеребе тарту рәсімі осы жылдың желтоқсан айында өтеді.
Осыған орай Мексикада қызу дайындық басталды. Ұйымдастырушылар чемпионатқа дейін қанша күн қалғанын көрсетіп тұратын арнайы санақ сағатын таныстырды.
Доп додасы АҚШ, Канада, Мексикада өтеді. Оған алғаш рет 48 құрама қатысады деп жоспарланып отыр.
Іріктеудің бірінші ойыны Мексикада, финал 19-шілде күні АҚШ-та өтеді.