Футболдан әлем чемпионатында плей-офф кезеңі басталады

327

Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, плей-офф кезеңіне жолдама алған барлық құрамалар белгілі болды.

Футболдан әлем чемпионатында плей-офф кезеңі басталады Фото: euro-football.ru

Жарыстың шешуші кезеңінде 32 команда бақ сынайды. Құрамалар 16 жұпқа бөлініп, енді бір ғана жеңіліс турнирден шығып қалуға әкелетін ойындар өткізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Плей-офф кезеңі 28 маусымнан 29 маусымға қараған түні басталады. Алғашқы кездесуде Канада құрамасы Оңтүстік Африкамен кездеседі.

Плей-офф кезеңінің ойын кестесі

  • 28 маусым, 00:00 – Канада – Оңтүстік Африка
  • 29 маусым, 22:00 – Бразилия – Жапония
  • 30 маусым, 01:30 – Германия – Парагвай
  • 30 маусым, 06:00 – Нидерланд – Марокко
  • 30 маусым, 22:00 – Кот-д'Ивуар – Норвегия
  • 1 шілде, 02:00 – Франция – Швеция
  • 1 шілде, 06:00 – Мексика – Эквадор
  • 1 шілде, 21:00 – Англия – Конго ДР
  • 2 шілде, 01:00 – Бельгия – Сенегал
  • 2 шілде, 05:00 – АҚШ – Босния және Герцеговина
  • 3 шілде, 04:00 – Португалия – Хорватия
  • 3 шілде, 23:00 – Аустралия – Египет
  • 4 шілде, 03:00 – Аргентина – Кабо-Верде
  • 4 шілде, 06:30 – Колумбия – Гана

Турнирдің келесі кезеңдері мынадай кесте бойынша өтеді:

  • 1/8 финал – 4-7 шілде;
  • 1/4 финал – 9-11 шілде;
  • 1/2 финал – 14-15 шілде.

Ал әлем чемпионатының финалы және 3-орын үшін матч 18-19 шілдеге жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу