Мадияр Кембілов бапкерлік мансабын 2005 жылы бастады. "Ордабасы U-16", "Академия Оңтүстік", "Тұран Ж", "Яссы" сияқты клубтарда жаттықтырушы қызметін атқарған. Қазіргі таңда "БИІК-Шымкент" қыздар командасының бас бапкері қатар атқарады. Бұған дейін бұл қызметті ресейлік маман Александр Семенов болған еді.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы биыл УЕФА Ұлттар лигасына қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша біздің команда С лигасының төртінші тобына түсіп, онда Израиль, Эстония және Армениямен ойнайды. Топтық кезең матчтары 20 қыркүйекте басталып, 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.
УЕФА Атқарушы комитеті былтыр күзде әйелдер арасында УЕФА Ұлттар лигасын өткізу туралы шешім қабылдады. Жарыс Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі болып, сонымен қатар Еуропа және әлем чемпионатының іріктеу кезеңдеріне ықпал етеді.
Жаңа формат әйелдер арасында Еуро-2025 чемпионатында алғаш рет қолданылады. 2023 жылдың күзінен бастап жаңа жүйе УЕФА Ұлттар лигасы мен Еуропа іріктеу кезеңін біріктіреді. Жарыс ережесі бойынша ұлттық құрамалар дивизиондар арасында ауысады (жоғарылайды немесе төмендейді), сонымен қатар Ұлттар лигасының финалдық кезеңін сарапқа салады.