Мадияр Кембілов футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметіндегі жұмысын аяқтады. Бұл қызметке ол 2023 жылы келген.
Сондай-ақ, Қазақстан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер қыздар құрамасының аға бапкері қызметінен Жанна Мальгаждарова кетті. Ол команданы 2025 жылдың мамыр айынан бері басқарып келді.
Мамандармен жұмыс екі тараптың келісімі бойынша тоқтатылды.
"Қазақстан футбол федерациясы Мадияр Кембілов пен Жанна Мальгаждароваға атқарған еңбегі мен әйелдер футболының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сонымен бірге, екі маман да ҚФФ құрылымында жұмысын жалғастырып, елдегі әйелдер футболын жүйелі дамытуға бағытталған алдағы жобаларға қатысады", – деп жазылған хабарламада.
Федерацияның хабарлауынша, жақын уақытта ҚФФ-ның техникалық даму комитеті бос бапкерлік қызметтерге үміткерлерді тыңдап, талқылау қорытындысы бойынша ҚФФ Атқарушы комитетіне ұсыныс жасайды.