Футболдан Қазақстан әйелдер құрмасы ірі есеппен жеңілді

1904

Құрамамыз жеңілістен көз ашпады. Әлем және Еуропа чемпионаттарының тұрақты қатысушысына қарсы ойын Ванн қаласында өтті. Бұл әйелдер арасындағы құрлық біріншіліктің іріктеу кезеңінің соңғы кездесуі болды.

Футболдан Қазақстан әйелдер құрмасы ірі есеппен жеңілді

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Еуропа Чемпионаты-2021 іріктеу турнирінің соңғы матчында Франция құрамасына есе жіберді. Ванн қаласында өткен кездесуде 12: 0 есебімен, француз қыздары аса ірі есеппен құрамамыздың тас-талқанын шығарды. Иван Азовский шәкірттері бірінші таймның өзінде жеті гол жіберді.

Осылайша, бір де бір ұпай жинай алмаған қазақстандық футболшылар іріктеу тобында 43 гол жіберіп, қарсыластарынан - Сербияға (1:4) және Солтүстік Македония қақпасына (1:4) тек екі гол соғып, "G" тобында соңғы орынға ие болды. Француз қыздары 22 ұпай жинап, бірінші орын иеленді. EURO-2021 додасының іріктеу турнирінде Қазақстан Франция, Аустрия, Сербия, Солтүстік Македония құрамаларымен бірге "G" тобында болған. Енді топтан тек Франция және Аустрия командалары шықты.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейінгі кездесу Алматының Орталық стадионында Солтүстік Македония құрамасына қарсы өткен болатын. Құрамамыз өз алаңында да қарсыластарына есе жіберіп, кездесу 3:0 есебімен, македониялық қыздардың пайдасына аяқталған еді.

Франция W – Казахстан W – 12:0

Голдар: Де Альмейда 5, Диани 7, 17, Катото 12, 16, Дали 24, Периссет 33, Каскарино 50, Лорент 58, Моррони 67, Балтимор 72, Матео 83;

Қазақстан W: Ирина Сандалова (В) – Мария Демидова, Айгерім Айтымова, Александра Бурова, Анастасия Власова – Әсельхан Тұрлыбекова, Бибігүл Нұрышева (Светлана Ступина 28), Карина Жұмабайызы (Жанерке Перме 62) – Сәуле Кәрібаева (Құндыз Қожахмет 46), Бегайым Кыргызбаева (К), Лейла Садықова (Фаиза Исмаилова 46);

Қосалқы құрам: Назым Исмаилова (В), Милана Бурдакова (В) – Камила Совет, Эльдана Әйтімбетова;

Бас бапкер: Иван Азовский.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу