/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 24 580,91 Hang Seng 24 266,06
FTSE 100 6 045,69 РТС 1 215,69
KASE 2 379,41 Brent 36,55
Футболдан Қазақстан Чемпионаты 1 шілдеде жалғасады

Футболдан Қазақстан Чемпионаты 1 шілдеде жалғасады

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының жаңарған күнтезбесін ұсынды.

20:30 26 Маусым 2020 765

Футболдан Қазақстан Чемпионаты 1 шілдеде жалғасады

Автор:

Ермұхамед Мәулен

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінің келісімімен ел чемпионаты 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жалғасады. Чемпионатты жалғастырудың басты шарты: ойындар кезінде коронавирустың таралуының алдын алу арнайы нұсқауын сақтау.

Аталған арнайы құжатқа енгізілген санитарлық талаптар Республиканың бірнеше облыстарында орын алған тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты күшейтілді. Ойындар көрермендерсіз өтеді, жарыс кезінде қызмет ететін адамдардың саны шектеулі болады.  

Турнир күнтізбесі Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің мүшелерімен бекітілді. Бірінші және Екінші лига командалары арасындағы біріншіліктер және ҚР Кубогы 2020 жылдың 1 тамызынан кейін басталады.

Сонымен қатар, «Астана» Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңін 2020 жылдың 18/19 тамыз күні бастайды.
Осы жылы іріктеу кезеңінің өткізілу жүйесінде айтарлықтай өзгерістер бар. Плей-офф кезеңіне дейінгі барлық кездесулер бір ғана ойынның нәтижесінде шешіледі. Алғашқы кезеңнің жеребесі 9 тамыз күні өтеді. Дәл осы күні елордалық клуб ойынның қайда өтетінін және қай командаға қарсы ойнайтынын нақты білетін болады.

Айта кетейік, «Астана» осыған дейінгі жинаған рейтингі бойынша таңдаулылар себетінде болады. Барлық қарсыластар Еуропа елдеріндегі чемпионаттар аяқталған соң, Чемпиондар Лигасының толық қатысушылары анықталады.

Ермұхамед Мәулен