Футболдан Қазақстан құрамасы Беларусьтен жеңіліп қалды

Қарсылас команда қақпамызға бақандай 4 доп соқты. 

Футболдан Қазақстан құрамасы Беларусьтен жеңіліп қалды Фото: ҚФФ

Ал ұлттық құрама оған жауап ретінде бір ғана голмен шектелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кеше түнде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Беларуське қарсы жолдастық кездесу өткізген еді.

Ойында беларусьтік құрама сапынан Валерий Громыко 26-минутта гол соғып үлгерді, одан соң Валерий Бочеров (31-минутта) есепті еселей түсті. Осылайша, ойынның бірінші кезеңі де аяқталды.

50-минутта Трофим Мельниченко тағы бір мергендігімен танылды оған қазақстандық Ғалымжан Кенжебек ғана 74-минутта жауап қатты.

Ал ойынның шешуші голын 85-минутта беларусьтік Евгений Шикавка салып кетті. Қорытынды есеп – 1:4.

Осыған дейін қос құрама өзара жеті рет кездескен. Оның төртеуінде Беларусь құрамасының мерейі үстем болса, тағы екі матчта жеңімпаз анықталмаған, ал біреуінде қазақстандық футболшылар жеңісін тойлаған.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатында отандық футболшылар J тобында сынға түсіп жатыр. Ел құрамасымен бірге Бельгия, Солтүстік Македония, Уэльс және Лихтенштейн де жолдамаға таласады.

Ұлттық құрама Уэльске (1:3) жол берсе, Люксембургті (2:0) жеңді. Әзірге турнир кестесінде үш ұпаймен үшінші орынға жайғасқан.

Енді 10 маусым күні Солтүстік Македонияны қабылдамақ. Ал Беларусь құрамасы сол күні өз алаңында Ресеймен жолдастық кездесу өткізуді жоспарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу