Алматы қаласындағы "Орталық стадионда" өткен ойында Қазақстан құрамасы төртінші ойын қатарынан қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады.
Алғашқы кезеңде Словениядан ойсырай жеңілген жерлестеріміз осы жолы да 0:1 есебімен есе жіберді. Жеңіс добын 55-минутта Ян Млакар салды. Станислав Черчесов келгелі ұлттық құрама тек бір ұпай жинай алды.
Айта кетейік, енді Қазақстан құрамасы 14 қарашада Аустрияны қабылдаса, 17 қарашада Норвегияға қонаққа барады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу