Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының УЕФА Ұлттар лигасының алдағы маусымындағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
Ұлттық құрама күші жағынан үшінші және соңғы С лигасында ойнайды. Швейцарияның Сьон қаласында өткен жеребе қорытындысы бойынша Қазақстанмен бірге С3 тобына Швейцария, Люксембург, Армения және Лихтенштейн құрамалары кірді. Командалар бір-бірімен өз алаңында және сырт алаңда бір матчтан өткізеді.
С лигасының алты тобының жеңімпаздары жоғары дивизионға жолдама алады. Екінші орын алған екі үздік команда В лигасына шығу үшін плей-офф ойындарын өткізеді.
УЕФА Ұлттар лигасы 2025 жылдың ақпан айында басталады. Ойын кестесі кейінірек жарияланбақ. Өткен маусымдағы УЕФА әйелдер Ұлттар лигасының чемпионы Испания құрамасы болған еді. Бұл команда финалда Францияны 2:0 есебімен ұтқан болатын. Жеңімпаздар сапынан Айтана Бонмати мен Мориона Кальдентей гол соққан еді.