Футболдан Қазақстан құрамасының дәрігерлері УЕФА медициналық симпозиумына қатысты

1246

Франкфурттағы Неміс футбол ассоциациясының штаб-пәтерінде футбол медицинасының дамуына және оның заманауи ойындағы шешуші рөліне арналған УЕФА медициналық симпозиумы өтті.

Футболдан Қазақстан құрамасының дәрігерлері УЕФА медициналық симпозиумына қатысты

Халықаралық симпозиум тақырыбы Футболдағы медицинаның маңыздылығы жайлы болды. Бұл симпозиумге УЕФА-ға мүше барлық қауымдастықтардың, сондай-ақ жетекші еуропалық клубтардың ұлттық құрамаларының дәрігерлері қатысты.

Спикерлер медицина саласындағы еуропалық мамандар далада және одан тыс жерлерде қиын жағдайларда жұмыс істеу және шешім табу әдістерін қамтитын тақырыптарда сөз сөйледі. Олардың арасында УЕФА медициналық офицері Зоран Бахтияревич, Неміс футбол ассоциациясының медициналық комитетінің өкілі Клаус Рейнсбергер, Нидерланд корольдік футбол ассоциациясының бас дәрігері Эдвин Годхарт, "Барселона" ФК әйелдер спорттық денсаулығының маманы Ева Феррер, ХОК Медициналық және ғылыми комиссиясының тамақтану жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Рон Моэн және басқалары болды.

Симпозиум барысында негізгі тестілеу, постковидті қалпына келтірудің қиындықтары, сондай-ақ әйелдер командаларының жаттығуларының ерекшеліктері көтерілді.

"Симпозиумға қатысушылар дәрістердің сапасына және футбол медицинасының негізгі мүдделі тараптарымен қарым-қатынас жасаудың бірегей мүмкіндігіне өте риза болды. УЕФА үнемі футболшыларға жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетуге ұмтылады және симпозиум кезінде туындаған мәселелер шешіледі деп үміттенеді", – деп УЕФА медициналық офицері Зоран Бахтияревич атап өтті.

Бұл іс-шарада еліміздің атынан футболдан Қазақстан құрама командаларының дәрігерлері Нұрлан Битұғылов пен Ахмадхон Искандаров қатысты.

"Симпозиумда көптеген өзекті тақырыптар талқыланды. Бүгінгі таңда медицина командалық күш-жігерді қажет етеді. Сонымен қатар, жыл сайын футболшылардың жарақаттар түрі өзгергеніне байланысты диагностика да  өзгереді. Мұндай симпозиумдар білімімізді жетілдіреді, онда Еуропаның көптеген мамандары тәжірибелерімен бөліседі", – деді Қазақстан құрамасының дәрігері Нұрлан Битұғылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу