Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары белгілі болды

103

Испания Англияға қарсы ойнайды, Украина қайтадан Грузиямен кездеседі, ал Қазақстан Молдовамен бір топқа түсті.

Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары белгілі болды Фото: uefa.com

Бельгия астанасы Брюссельде 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті. Футболдан Қазақстан құрамасы С лигасында 3 топқа түсіп, Словакия, Фарер аралдары және Молдова құрамаларымен кездесетін болды. 

С дивизионы

1-топ: Албания, Финляндия, Беларусь және Сан-Марино
2-топ: Черногория, Армения, Кипр және Латвия/Гибралтар (2026 жылғы наурыздағы плей-офф қорытындысы бойынша анықталады)
3-топ: Қазақстан, Словакия, Фарер аралдары және Молдова
4-топ: Исландия, Болгария, Эстония және Люксембург/Мальта

Әр команда топтық кезеңде алты матч өткізеді: үшеуі өз алаңында және үшеуі қонақта.

Ұлттар лигасы матчтары қыркүйек айында басталады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар жоғары дивизионға өтуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ 2028 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін ойнайды.

Турлар кестесі:

1-тур: 2026 жылғы 24–26 қыркүйек
2-тур: 2026 жылғы 27–29 қыркүйек
3-тур: 2026 жылғы 30 қыркүйек – 3 қазан
4-тур: 2026 жылғы 4–6 қазан
5-тур: 2026 жылғы 12–14 қараша
6-тур: 2026 жылғы 15–17 қараша

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу