Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грекияға аман-есен жетті

962

Грекиямен ойынға Магомед Адиев шәкірттері толық құрамда жиналды.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грекияға аман-есен жетті Фото: KFF

Футболдан Қазақстан құрамасы 20 наурызға ауған түні Грекия астанасы Афинаға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Қазақстан мен Грекия арасындағы кездесу УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі жартылай финал аясында 21 наурыз күні өтеді. Матч жеңімпазы финалға жолдама алып, Грузия – Люксембург жұбының қай жеңгенімен жолығады.

Грекиямен ойынға Магомед Адиев шәкірттері толық құрамда жиналды, өкінішке қарай, сары қағаз санына байланысты "Зенит" қорғаушысы Нұралы Әліп алаңда құрамаға көмектесе алмайды. Соған қарамастан Әліп жігіттерге қолдау көрсету үшін Дубайда өткен оқу-жаттығу жиындарына, сонан соң Грекияға барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу