Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

726

Келесі аптаның басында жаңа бапкер таңдалады.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті Фото: sports.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Футбол үйінде Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабымен кездесу өткізді.

Бас бапкер Магомед Адиев мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын алға тартып, қызметінен кетті.

"ҚФФ мұндай бағытқа да дайын болды және келесі аптаның басында жаңа бапкерді таңдайды", - делінген федерация хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу