Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды.
Жаттықтырушы ретінде Ресейдің "Спартак" (Мәскеу), "Жемчужина", "Терек", "Амкар", "Динамо" (Мәскеу) сынды командаларда жұмыс істеген. Сондай-ақ Станислав Черчесов Польшаның "Легиясын", Ресей құрамасын және Мажарстанның "Ференцварошын" басқарды.
Бапкерлік мансабындағы жетістіктері:
- Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2007)
- Польша чемпионы (2015/16)
- Польша кубогының жеңімпазы (2015/16)
- 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалы (Ресей құрамасымен)
- Мажарстан чемпионы (2021/22, 2022/23)
- Мажарстан кубогының иегері (2021/22)
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу