Футболшылардың айлығын футзалшыларға беру керек – Қуат Хамитов

775

Үлкен футболдың ақшасын азайтса, бәлкім нәтижелері жақсаратын шығар. 

Футболшылардың айлығын футзалшыларға беру керек – Қуат Хамитов Фото: esquire.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Қазақстан футзал құрамасының әлем чемпионатындағы жетістігін ерекше атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Расында, футболға қарағанда футзалшыларымыздың нәтижесі әлдеқайда жақсырақ. Олар халықтың ақшасын ақтап жатқаннан кейін басқа федерацияның басшыларына үлгі болу керек. Ақша аз алып жатса да, әлем чемпионатында тамаша өнер көрсетіп, Португалия сияқты әлем чемпиондарын ұтып жатыр. Үлкен футболдың ақшасын азайтса, бәлкім нәтижелері жақсаратын шығар.Футболшыларымыз футзалшылардан үлгі алуы керек. Егер футзалшыларымыз осы әлем чемпионатында жеңімпаз атанса, футболшылардың айлықтарын футзалшыларға беріп, футзалшылардікін керісінше футболшыларға беру керек. Қазақстан құрамасының әлем чемпионы атануына сәттілік серік болсын деп тілеймін”, – деді Хамитов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу