Футзалдан әлем чемпионаты: Бүгін плей-офф сатысындағы ойындар басталады

286

Қазақстан мен Португалия құрамалары бұған дейін екі мәрте кездесіп, барлығында португалдықтар жеңіске жетті.

Футзалдан әлем чемпионаты: Бүгін плей-офф сатысындағы ойындар басталады Фото: kff.kz

Бүгін, 24 қыркүйекте футзалдан әлем чемпионаты плей-офф сатысындағы ойындар басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыстың аталған сатысының алғашқы ойын күнінде Бразилия мен Коста-Рика, Нидерланд пен Украина құрамалары шеберлік байқасады.

Ал 25 қыркүйекте Испания мен Венесуэла, Парагвай мен Ауғанстан, 26 қыркүйекте Португалия мен Қазақстан, Иран мен Марокко кездеседі.

Сондай-ақ 27 қыркүйекте плей-офф сатысында Таиланд пен Франция, Аргентина мен Хорватия кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу