Футзалдан Қазақстан құрамасы Албанияны жеңді

645

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Албанияға қарсы өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Албанияны жеңді Фото: futsalkazakhstan_official

Ойынның бірінші кезеңінде ұлттық құрамадан Лео өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.

Екінші кезеңде Ақжол Дәрібай 39-минутта есепті қорытындылады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, ұлттық құрама алтыншы топта Армения, Дания және Албаниямен кездеседі.

Топ жеңімпазы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алғандардың ішінен 8 үздік құрама өтпелі ойын ойнайды.

Іріктеу кезеңі 2024 жылдың 13 желтоқсаны мен 2025 жылдың 12 наурызы аралығында өтеді.

Қазақстан құрамасы енді 18 желтоқсанда өз алаңында Арменияны қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу